Әжемнің айналайыны...
Әжемнің айналайыны...

Таңның келгенін сүйіншілеген құстардың әндеріне масайып, бір жағынан ұйқымды қимай жатқанымда масахананың мен жақ тұсынан: «Айналайын, тұра ғой, балам, - деп әжем оятып жатып: Шешең сиырларды сауып болып қалды, қойларың да сені күтіп тұр» деді. Ұйқымды аша алмай масаханадан шығып, ұзақтағы дәретхана баруға ерініп, қора бұрышында дәрет сындырайын деп жатқанымды байқаған Әжем: «Әй, жүгермегай, қашанғы айтам сендерге, тұрып дәрет сындырмаңдар!» - деп, тірсегімнен салып қалған шыбықтың ащы дәмі ұйқымды шәйдай ашты.

Алла нәсіп еткен қойы мен сиырын айдап бара жатқан көрші Жеңешем маған: «Біздікін де қоса айдай салшы» - деді, қорасынан малдарын шығарып жатып. Сәбилерімен күн батқанша қимай қоштасып, мөңіреп, маңырап шулап ауылдан шығып бара жатқан жануарлардың дауысы бүкіл ауылға тұр-тұрлап жатқандай көрінді.

Малдарын өрістеріне шығарып салып, әндетіп, үйге жақындаған дауысымды естіген көрші Жеңешем: «Төрем-ау, саумалыңды ішіп ал» - деді қора тұсынан. Жүгіре басып, асығыс жылы саумалды сіміре сала, көршімнің қорасының тесігінен өз қорама бірақ шықтым.

Әжем қора ішін айнадай қылып тазалап жатыр екен, көмектеспек ниетпен жақындаған мені көріп, мейірімді үнімен: «Айналайын, малыңды айдап келдің бе? Бұл жерді өзім тазалаймын, шық түспей бұзаулар мен қозыларға 5-6 құшақ жоңышқа орып қойшы» - деді. Шығы түспеген жоңышқа адамның өкпесін тазалайтынын да және орғанда пәркі мен гүлі  құлаймайтынын да Әжемнен естіген едім.

Қол орағымды қорадан таба алмай, көп те болса кеше орған жерімде қалған шығар деп бақша жиегіндегі жоңышқаға беттедім. Белгіленген нормамды орындап, жоңышкамды шалшамен Әжеме әкелдім айналайынын күткендей, қиын ғасыр із қалдырған иірім басқан мейірімді жүзіне қарап. Әжемнің, қошақандары мен бұзауларын айналғандай кейіппен еркелетіп, сипай жүріп жаңа орылған жоңышқамен тамақтандырғанына таң қала қарап жүрген маған, Әжем: «Таңертен ыстык нан мен жаңа май жегің келген сияқты, бұларды да өзің сияқты көру керек» - деп, малды махаббатпен бағу керек екенін ескертіп жатқан еді, осы уақытта күбісін пісіп, табаға нанын жауып, самауырын да қайнатып үлгірген Анам: «Апа, шайға кіріңіздер» - деді, үй жақтан.

Айналайын, - бар беті қолыңды жуа ғой Балам, шай ішеміз...

ҚуанышҚуаныш
10 лет назад 3499
4 комментария
  • Әкем қайтыс болар кезде ауылдың үлкен әжесі келіп 'Айналайын' деп маңдайынан иіскеп шашын сипалап кәдімгі кіші бал құсап шығарып салғаны бар. Бұл көрініс мені қатты толғандырған еді. Енді әңгімеңізді оқып бір толқып қалдым. Рақмет.
    10 лет назад
  • Айналайын жақсы жазыпсың. Бірақ малдардың "сәбилері", малдарды "тамақтандыру" деген жерлері аздап келіспей тұр. Көп рахмет. Жалпы ұнады.
    10 лет назад
  • Ауылдың иісі аңқып тұр, мен де апамды сағындым.
    Әдемі жеткізіпсіз рахмет.
    10 лет назад
  • Барлықтарыңызға рахмет, Аллам разы болсын!
    Шынымен де Әжемді сағынғаннан шыққан алғашқы шығармам еді, сәл пәл келіспеушіліктерге кешірім сұраймын!
    10 лет назад
О блоге
0
122 4 5 0 1